Қазақстан халқының санына қатысты жаңа дерек жарияланды

Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылғы 3 наурызда қазақстандықтардың саны туралы жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 20 300 618 адамды құрады, оның ішінде:
- қала тұрғындары - 12 795 502;
- ауыл тұрғындары – 7 505 116.
Айта кетсек, бір айда қазақстандықтардың саны 14 534 адамға өсті.
Сондай-ақ, еліміздегі әйелдер ер адамдарға қарағанда 462 136-ға көп екенін ескерген жөн:
- әйелдер - 10 381 377;
- ерлер – 9 919 241.
Халық ең көп қоныстанған өңірлер әлі де Алматы және Түркістан облысы болып табылады: онда тиісінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады. Қазіргі уақытта Астанада 1 536 924 адам тұрады. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкенттегі халық саны - 1 258 878.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құраған. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарында елімізде 20 286 084 адам тұратыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript