БҰҰ бітімгершілік күштері Африка елдерінің бірінде минаға тап болды
Сурет: pixabay
Малиде екі мысырлық бітімгерші минаға тап болып, екеуі көз жұмды. Тағы бесеуі жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарылыс елдің солтүстігінде Тессалит пен Гао елді мекендерінің арасында Малидегі БҰҰ-ның көпсалалы кешенді тұрақтандыру миссиясының (MINUSMA) көлігі жүретін жолда болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Малиде соңғы 10 жылда үкімет әскерлері мен түрлі топ содырлары арасындағы қарулы қақтығыс тоқтаған жоқ.
Қақтығысты ауыздықтау үшін 2013 жылдың көктемінде республикаға жіберілген бітімгершілік күштерге бірнеше рет шабуыл жасалды.
Осы уақыт ішінде миссияның шамамен 177 мүшесі қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript