Қазақстан байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтеді
Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті түзетулер операторлардың техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету және интернетке қолжетімділік үшін жауапкершілігін күшейтеді.
Көрсетілген құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлды 1000 АЕК-ке (3 063 000 теңге) және жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 1 500 АЕК-ке (4 594 500 теңге) дейін арттыру операторлар арасында бәсекелестік үшін қосымша жағдайлар жасап, азаматтардың жоғары сапалы байланыс және интернет қызметтерін алу құқығын қорғайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript