Эксперимент: такси жүргізушілері адамдарды қант үшін тасымалдауға дайын

қант, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 16:13 Сурет: freepik
Блогер Қазақ Жауат әлеуметтік эксперимент жасап көрді. Ол таксистерге жолақыны қанттай төлеп, діттеген жеріне жетпек болды. Әдетте блогер ол жаққа жету үшін такси жүргізушілеріне мың теңге төлейтін, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Мені бір келі қантқа «Химик» аялдамасына дейін апарасыз ба? – Тегін алып кетемін, маған ештеңе керек емес.

Эксперимент нәтижесі:

Бес жүргізуші блогерді қант үшін апаруға келісті.

Екі жүргізуші жол жүру ақысын алудан мүлдем бас тартты.

Жеті жүргізуші клиентті мүлдем алып кетпеді.

Барған жеріне тегін жеткізіп бергендерге бір келі қант сыйға тартылды.

Блогердің айтуынша, мұндай бейнеролик/тәжірибе адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, қиын кезде бір-бірімізге көмектесуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: