Атырауда шетелдіктер такси қызметімен заңсыз айналысқан
Сурет: polisia.kz
Атырауда полицейлер шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау қаласында көші-қон заңнамасын бұзып, еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыратын шетел азаматтарының такси қызметін ұсыну жағдайлары тіркеліп жатыр.
Шетел азаматтары жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, арнайы қосымшалар қызметтерін пайдаланады.
Патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабының 2-бөлімі, яғни жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу дерегін анықтау бойынша арнайы рейдтік іс-шара өткізді.
Шара барысында көлік басқарған шетел азаматтарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript