Атырауда заңсыз қарабалық тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Атырауда заңсыз қарабалық тасымалдаған күдіктілер ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері Каспий теңізі бағытынан Шман өзені арқылы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағынан Еркінқала ауылына бет алған Урал мотокөлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде мотокөліктің жүк салғышынан үш сұр қапқа оралған қытай ау торлары, бір дана радиоқабылдағыш, 58,3 келі қарабалық салынған бір ақ қап, екі мұз ойғыш құрал, бір пышақ және бір басқа тағатын жарық шам табылды.
Тәркіленген балықтар тиісті орынға – "Надежда" цехына тапсырылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript