Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды: видео

Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды: видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 20:02 Сурет: polisia.kz
Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Астанада сырт киім сататын киім дүкендерінің бірінде үш ер адам өздерін сатып алушы ретінде таныстырып, сауда залына кірген.

Алдын ала ойластырылған жоспар бойынша олар сатушының назарын басқа жаққа аударып, сол сәтті пайдаланған ер адамдардың бірі қымбат күртешені үстіндегі киімінің астына жасырып алған. Осыдан кейін үш ер адам дүкеннен шығып кеткен.


"Тауардың жоғалғанын байқаған дүкен иелері дереу полицияға хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілер анықталып, ұсталды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып жасаған ұрлық үшін жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: