Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі әріптестерінен неліктен көп жалақы алатынын түсіндірді

Даниал Ахметов , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 16:44 Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айлық жалақысының көлемін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен әкімдердің еңбекақы жүйесі туралы аз-кем айта кетейін. Біріншіден, әкімдердің негізгі жалақысы бірдей. Яғни, базалық көрсеткіш бар және оның одан әрі өсуі еңбек өтіліне байланысты. Менің жұмыс тәжірибем, енді мені әлеуметтік желіде тағы да сынайсыңдар, 48 жыл. Бұл сіздердің кез келгеніңізге қарағанда айтарлықтай көп. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім – 33 жыл. Даниал Ахметов

Бұл ретте ол мемлекеттік қызметке байыпты өндірістік базамен келгенін атап өтті.

Мен өз өмірбаянымды айтпай-ақ қояйын, бірақ көптеген әріптестерім сияқты мен бұл жұмысқа айтарлықтай байыпты өндірістік базамен келдім. Мүмкін бұл үрдісті сақтау керек шығар, бірақ бұл мен үшін сұрақ емес. Демек, жалақымыз бірдей, 48 жыл стажым бар, мемлекеттік қызметте 33 жыл, айлығым 2 миллион теңгеден асады. Шығыс Қазақстан облысында орташа жалақы 262 мың теңгені құрайды. Даниал Ахметов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: