Chery Қазақстандағы ең көп сатылған қытайлық автобрендке айналды
Маусым айының қорытындысы бойынша, Chery еліміздегі қытайлық автокөлік брендтерінің арасындағы ең көп сатылған көлік маркасы атанды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының деректеріне сүйенсек, Chery елдегі ең танымал 10 автобрендтің ішінде жетінші орынға көтерілген. Атап айтсақ, олар: Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada, Toyota, Lexus, Chery, Jac, Exeed және Renault.
Компания бұндай қомақты нәтижеге небәрі жарты жылдың ішінде қол жеткізді: бренд Қазақстанға ресми түрде 2021 жылдың соңында келді, ал сатылым 10 желтоқсаннан басталды.
Біз 2022 жылдың басында пандемия кезінде басталған жаһандық экономикалық дағдарыстың, геосаяси шиеленістер мен валюта бағамының күрт өзгеруінің куәсі болдық.
Осындай аласапыран уақытта Chery қазақстандық автомобильшілерді қызықтыру жолдарын іздеді. Яғни танымал, сенімді әрі технология жағынан мықты екенін көрсетуді мақсат тұтты. Бұл басқаларға мүмкін емес миссия болып көріну мүмкін, тек Chery үшін емес!
Сурет: First Motor Company
Сәуір айында автобренд танымалдылығының өскені сонша First Motor Group ресми дистрибьюторы ("Астана Моторс" құрамына кіреді) қазақстандық автоәуесқойлардың Chery Tiggo 7 Pro алғашқы ресми клубының құрылғаны туралы хабарлады.
Ал шілде айында аталған компания алғашқы жоғары нәтижесі туралы хабарлады – сатылған автокөліктердің саны мыңнан асты. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алуа Белгібаева мерейтойлы клиент атанды. Chery Tiggo 8 Pro автокөлігін Алуа Mycar Finance серіктестік компаниясы арқылы сатып алды.
«Chery-дың мыңыншы сатып алушысы болғаныма қуаныштымын. Бұл таңдауға мен саналы түрде келдім. Маған көлікті таңдауға көмектескен менеджерлерге алғысым шексіз», – деді сатып алушы.
Chery Қазақстан нарығына қалай келеді
Автокөліктерді Қазақстанға Қытайдан тікелей теміржол арқылы жеткізеді. Содан соң оларды Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Орал қалаларындағы дилерлік орталықтарға таратады. Жыл соңына дейін тағы 8 автоорталық ашып, дилерлік орталықтармен Ақтау, Өскемен, Тараз және Жезқазған қалаларын қамту жоспарда бар.
Сурет: сhery.kz
Қазіргі таңда біз төрт модель ұсынып отырмыз – Tiggo 4, Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 және Tiggo 8 Pro. Бұл қазақстандық тұтынушыға өте таныс автокөліктер. Осы жазда тағы екі модельді ұсынамыз – Tiggo 8 Pro Max және Tiggo 4 Pro. Жалпы жыл соңына дейін 2,5 мың автокөліктің келуін күтіп отырмыз, – деді First Motor Company директоры Нұрлан Шамгонов.
Тиімді сауда
Chery кроссоверлерін барлық дилерлік орталықтарда төлем мерзімін ұзартып сатып алуға болады. Сатып алушылар үшін Mycar Finance компаниясы төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі мен бонустық шарттары бар арнайы бағдарламаларын әзірлеген.
Мысалы, Light Chery 20/80 мен Light Chery 30/70 атты автонесиелері. Шарт бойыша, несие ай сайынғы төлемдерсіз 1 жылға беріледі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14,8%-дан басталады. Небәрі 20% не 30% бастапқы жарнаны төлеп су жаңа көліктің иесі атануға болады.
MyCar Finance ұсынған Chery Standard пакеттік ұсынысына да назар аударған жөн: автонесие берудің ұзартылған мерзімі – 120 айға дейін; бірінші жылы төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі – 15,8%, СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) – 22,8%.
Толық ақпаратты Chery.kz сайтынан немесе 7007 байланыс нөмері арқылы біле аласыз.