Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 16:06 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, желдің күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс бағыттардан соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +28...+30°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +30...+32°С болады.

Шымкент қаласында аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +36...+38°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: