Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сүт бір жылда 22% қымбаттады

сүт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 11:07 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда сүт қымбаттады. Бұл туралы сарапшылардың баяндамасында айтылған. Сонымен қатар сектордағы өндіріс те төмендеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың маусым айында сүттің бағасы 2,4%, жыл басынан бері 17,2% және бір жыл ішінде 21,5% өскенін хабарлайды. Салыстыру үшін: 2021 жылы бағаның жылдық өсімі небәрі 9,5% болған.

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында сұйық өңделген сүт пен кілегей өндірісі 235,3 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7% аз. Бұл алты жылдық үздіксіз өсімнен кейінгі дәл осы кезеңдегі алғашқы құлдырау, – деп жазды Energyprom.kz сарапшылары.

Сонымен қатар зерттеушілер сүт пен кілегей өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына ғана тиесілі екенін нақтылайды.

Өндірістің ірі көлемі мына өңірлерде тіркелді:

Ақмола облысы (34,2 мың тонна);

Қостанай облысы (28,5 мың тонна).

Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,7%, 192 мың тоннаға дейін, ал экспорт екі есеге жуық қысқарып, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеді, – делінген зерттеуде.

Сонымен қатар 2022 жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,5 литр болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% аз. Кілегейді тұтыну, керісінше, бір жарым есе өсті.

Сүтті тұтыну аймаққа байланысты айтарлықтай өзгереді. Мысалы, қалалық жерлерде 2022 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққандағы шикі сүт тұтыну орташа есеппен 1,73 литр болса, ауылдық жерлерде 6,04 литр болды. Кілегей тұтыну бойынша айырмашылық онша көп емес: ауылда орташа жан басына 41 миллилитр, қалада 51 миллилитр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: