Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді - 20 шілдеге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы

Ауарайы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 16:25 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Синоптиктер сонымен қатар, мынадай ақпарат берді:

  • күндіз Түркістанның басым бөлігінде, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытауда, Алматының батысында, Жетісуда, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі;

  • қатты ыстық – күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде.

Бұған дейін синоптиктер Алматының 20-22 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: