Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 3 миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Бас прокуратура, жайылымдық жер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 10:36 Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы жайылымдық учаскелерді ұтымды пайдалану туралы айтып, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас прокуратура учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудырғанын атап өтті.

Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді.

Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады. Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарланды. Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: