Тесла монеталарын сату туралы жаңалықтардан кейін биткоин бағасы төмендеді

Биткоин арзандады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 15:03 Сурет: pixabay
Америкалық Tesla компаниясы қаржылық есеп беруінде биткоиндерінің басым бөлігін сатқанын жариялағаннан кейін биткоин құны 2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:14-тегі жағдай бойынша, сауда көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance биржасында биткоин 1,9%-ға арзандап, 22,9 мың долларды құрады, деп хабарлайды 1prime.ru.

20 биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметінше, биткоин бағасы 2,1%-ға төмендеген.

Биткоиннің бағасы 22,92 мың доллар болды.

Электрлік автокөлік өндірушісі Tesla өзінің биткоиндерінің шамамен 75% фиат валютасына айырбастап, балансына 936 миллион доллар қосқанын айтты. Мұндай мәліметтер компанияның екінші тоқсандағы қаржылық есеп беруінде берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: