Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстандағы көлде 400 келі балық қырылды

көл, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 18:36 Сурет: primeminister.kz
Экология министрлігі Соленое көліндегі (Айтуар) балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 шілдеде «Суқұйғыш-2017» ЖШС балық шаруашылығы субъектісіне қарасты Соленое көлінде (Айтуар) балықтар (пелядь, тұқы, мөңке) қырылып қалды.

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және реттеу басқармасы, СҚО бойынша экология департаменті, Жамбыл ауданының ветеринария қызметі және облыстық басқарманың қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы құрылды. Оқиға орнына балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы шықты.

Жұмыс тобы су қоймасының жағалау сызығын зерттеді. Көрнекі тексеру кезінде 400 келі мөлшерде балықтың ішінара қырылғаны (пелядь, тұқы, мөңке) анықталды.Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Ветеринариялық қызмет пен экология департаментінің мамандары зерттеу жүргізу үшін су мен балық өлексесінен сынама алды.

«Суқұйғыш-2017» ЖШС өлген балықтарды жинап, кәдеге жаратты. Толығырақ тексеру жүргізіліп, балықтың қырылу себебі нақтыланғаннан кейін хабарланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: