Нұр-Сұлтанның екі тұрғынын түлкі қапты: Экология министрлігі пікір білдірді
Сурет: pixabay
ҚР Экология министрлігі Нұр-Сұлтан аумағында түлкілердің пайда болуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, 8 наурыз күні Есіл аудандық полициясының учаскелік инспекторынан елорданың орталығында түлкі жүргені туралы ақпарат келіп түскен.
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аталған аумаққа тексеру жүргізді, тексеру барысында түлкілер табылмады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі
Баспасөз қызметі қазір Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қаланы патрульдеу жұмысын ұйымдастырғанын атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағынан жабайы жануарлар табылса, тұрғындарды жабайы және қараусыз қалған жануарларға тиіспеуге және бұл туралы +7 777 182 39 01 телефоны арқылы хабарлауға шақырамыз, – деді комитет өкілдері.
Еске сала кетейік, мереке күні астаналық екі келіншек түлкі қауып алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген болатын. Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түлкі әйелдердің бірін «Керуен сити» сауда үйінің маңында, екіншісін «Думан» қонақ үйінің маңында қапқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript