Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрлігі Қарағанды облысында қырылып қалған киіктерге қатысты түсініктеме берді

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:53 Сурет: gov.kz
Қарағанды облысында қырылған киіктерге қатысты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 26 маусымында Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды.


Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:53

Сурет: gov.kz


Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:53

Сурет: gov.kz


Аталған факт "Охотзоопром" ӨБ" Орталық өңірлік филиалының Қарағанды тірек пунктінің инспекторлары сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды және киікті қорғау бойынша Қарағанды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында анықталған.

"Жануарлардың өлекселері бұзыла бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады (қылмыстық іздер жоқ). Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды. Өлімнің себебі - өзеннен өту кезінде суға бату", делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: