Экология министрлігі вице-министрдің тергелуіне қатысты түсініктеме берді

Экология министрлігі вице-министрдің тергелуіне қатысты түсініктеме берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 21:11 Сурет: Алматы әкімдігі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі вице-министр Мансұр Ошурбаевтың тергелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, департаменттің өзі іс материалдарын Антикорға жіберген.

"ҚР ЭТРМ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-конференциясын өткізуге арналған шығыстарға қатысты өткізілген (COP-28) ішкі аудит нәтижелері бойынша ақпараттар министрлік басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді", - делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

"Осыған байланысты, 2024 жылғы 5 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобымен Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайында құжаттар алынды. Қазір вице-министр жұмыс орнында жоқ", - деп қосты министрлік.

Бұған дейін Антикор Дубайда өткен көрмеге қатысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевқа қатысты тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: