Алматыда алдағы күндері де аптап ыстық сақталады деп болжанады

Аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 12:24 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады. Алматыда 24-28 шілде аралығында 36-дан 38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын күн астында көп жүрмеуге шақырады.

Сондай-ақ құтқарушылар мынандай кеңестерімен бөлісті:

  • Күн астында көп жүрмеуге тырысу керек. Күн сәулесінің белсенділігі шамамен сағат 12: 00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта артады;

  • денені бүтіндей жабатын киім киіп, күннен қорғануға арналған иісмайды қолданыңыз;

  • спирттік ішімдік тұтынбаңыз. Аптап ыстықта оның ағзаға кері әсері бірнеше есе артады;

  • мүмкіндігінше сұйықтықты көп тұтынуға тырысыңыз (салқындатылған, минералды су).

  • физикалық белсенділікті азайтыңыз. Ыстықта денеге ауыр жүк салу ағзадағы жылу алмасу процесін арттырады, яғни ағза қатты әлсірейді.

  • мүмкіндігінше көлікпен ұзақ сапарға шығу жоспарын кейінге шегере тұрыңыз. Ал жолға шығып кетсеңіз, онда мүмкіндігінше мұқият болыңыз, өйткені ыстықта ағза тез шаршайды, сәйкесінше ми да ақырын жұмыс істеп, реакция қабілеті төмендеуі мүмкін.

  • балалар мен үй жануарларын аз уақытқа болсын көлік салонында қалдырмаңыз. Мұндайда талып қалу қаупі артады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: