Алматыда 4 шілдеде аптап ыстық болатыны болжанады
Сурет: pixabay
4 шілдеде қалада сынап бағаны 36 градусқа дейін көтерілетіні болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық ТЖД өкілдері осыған сәйкес ескерту жасады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан күн астында серуендеуден, ашық аспан астында физикалық тұрғыда белсенділік танытудан аулақ болу сұралады. Сондай-ақ, құтқарушылар дәрігердің ұсыныстарын дұрыс орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау керектігін еске салады.
Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript