44 градус аптап ыстық. 22-24 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

Тек еліміздің батысында ғана сынап бағаны 33-41-ден 25-33 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.
Синоптиктер 22-24 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде қатты ыстық болады деп болжанады.
Ауа-райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Жауын-шашыннан бөлек күндіз солтүстікте және орталықта ауа температурасы 30-38 градусқа, оңтүстікте 37-44 градусқа, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, тек еліміздің батысында ғана сынап бағаны 33-41-ден 25-33 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript