43 градус ыстық, жаңбыр. Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыс орталығында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с құрайды, күндіз 43 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 41 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ түсуі мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда найзағай ойнауы мүмкін.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезіндегі екпіні 18 м/с құрайды.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, облыс орталығында 15-20 м/с құрайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.
Жамбыл облысында таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады. Таразда күндіз 40 градус аптап ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.