Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында жемістер мен көкөністерден шамадан тыс нитрат қосылғаны анықталды

Ақтөбе облысы, жеміс, көкөніс, нитрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 16:34 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жеміс-көкөніс өнімдерінің 72 сынамасын, бақша дақылдарының 6 сынамасын іріктеп, зерттеді. Соның ішінде қауынның екі сынамасында нитрат концентрациясы 2,3 есеге артқаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталған жағдайлар бойынша кәсіпкерлік субъектісіне өнім қалдықтарын сатудан алу туралы және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну бойынша ұйғарым берілді, ол бақылауда. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін білдіретін құжаттардың сәйкестігі туралы декларацияны тапсырғаннан кейін өнім өндірушілер белгілі болады, содан кейін қажетті шаралар қабылданады.Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ведомствоның мәлімдеуінше, өндірушілер тыңайтқыштарды рұқсат етілген дозаларынан артық қолданып жіберуге тырысады, өткені тез арада піскен өнім алғысы келеді. Алайда осындай тәсілмен өсірілген өнім әрдайым пайдалы бола бермейді.

Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында нитриттерге айналады, ол организмге зиянын тигізеді. Егер организм нитриттерге толып кетсе, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеледі. Бұл жағдайға көбінесе балалар мен жүкті әйелдер сезімтал келеді.

Денсаулықты сақтау үшін мына қағидаларды ұстану қажет:

  • өнімдерді азық-түлік базарларынан, супермаркеттерден және арнайы дүкендерден сатып алған жөн. Жайма базар орындарынан сатып алмаңыздар!

  • өнімді сатып аларда, сіз сатылып жатқан өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларация) сұрату керек;

  • нитраттың тұтынылатын мөлшерін азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырларынан, сабақтарынан мұқият аршыңыз;

  • кесілген қарбызды сатып алмаңыз. Қарбыздың бетіндегі кір пышақпен кескен кезде ішіне оңай түседі;

  • өнім қабығының бүлінбеуіне назар аударыңыз! Оның жарылмаған, соғылмаған, майыспаған болуы өте маңызды, өйткені соғылған қарбыздың іші тез бұзылады;

  • кесілген өнімдерді тоңазытқышта бір күннен артық сақтамаған жөн;

  • жемісті қабыққа дейін жемеңіз, нитраттардың көпшілігі қабыққа жақын және сабақтарында болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: