Құрамында нитрат мөлшері көп көкеніс пен жемістер анықталды
Сурет: pxhere
"Ұлттық сараптама орталығы" жеміс пен көкөніс өнімдерінің 17 мыңнан астам сынамасын зерттеді. Тексеру нәтижесі бойынша 592 сынамада нитрат мөлшерінің артқаны анықталды.
Нитрат құрамының ең көп мөлшері бақша дақылдарында, қауын мен қарбызда, пиязда табылды. Ең жоғары көрсеткішті орталықтың Ақмола (8,6%), Жамбыл (7,1%) және Павлодар (6,7%) облыстары бойынша филиалдары анықтады.
Сәйкес келмейтін өнім туралы ақпарат шаралар қабылдау үшін барлық сатушының назарына жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
"Атап айтсақ, зиян заттар көбіне көкөністер мен жемістердің беткі қабатында жинақталады. Кәді, картоп, алма, алмұрт және қиярды пайдаланардың алдында әуелі аршып алу керек. Сәбіздің ортаңғы бөлігін жеуге болмайды, қауіпті болуы мүмкін. Нитратты қарбыздың жұмсақ бөлігінде сарғыш жолақтар болып, тығыз келуі мүмкін. Нитраттар тек жапырақтарда ғана емес, көкөністің ішінде де жиналатын түрлері бар. Солардың бірі – қырыққабат", - деп ескертті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Нитраттар азот қышқылының тұзы әрі өсімдіктің қалыпты дамуы үшін қажет. Алайда топырақты азот қышқылының тұзы бар заттармен шамадан тыс тыңайтқан жағдайда ауылшаруашылық дақылдары олардың артық мөлшерін сіңіріп, денсаулыққа қауіпті болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript