Ұлыбританияда тікелей эфир кезінде тележүргізуші талып қалды
Сурет: pixabay
Ұлыбританияда премьер-министр лауазымына үміткерлер Лиз Трасс пен Риши Сунак арасындағы пікірсайысты жүргізіп тұрған бағдарлама тізгіншілерінің бірі – Кейт МакКэнн есінен танып құлап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Сыртқы істер министрі Лиз Трассқа «халықаралық сахнада Ресейге қарсы тұруға күші жете ме» деп сұрақ қойған. Министр жауап бере бастағанда, жүргізуші құлап қалды, деп жазды 24.kz.
Ары қарай пікірсайыс көрерменсіз өтті.
Пікірсайысты TalkTV және The Sun арналары ұйымдастырған еді. TalkTV арнасының жүргізушісі Йен Коллинздің айтуынша, артынша жағдай оңалған.
Премьер-министр Борис Джонсон 7 шілде күні отставкаға кететінін мәлімдеді. Алғашында көшбасшылық үшін күреске сегіз үміткер қатысса, қазір олардың екеуі ғана қалды. Партия мүшелері «1922 комитеті» белгілеген мерзімге дейін өз көшбасшысын таңдауы керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript