Есік қаласындағы атысқа қатысы бар күдіктілер қолға түсті
Сурет: pixabay
Есік қаласында болған атысқа қатысы бар күдіктілердің бәрі қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті ретінде 1992 және 1999 жылы туған үш бірдей жергілікті тұрғын қамауға алынды.
Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, жанжал кезінде қолданылған қару-жарақ тексеріліп жатыр.
Еске саламыз, 22 маусымнан 23-не қараған түні жергілікті ауруханаға ауыр жарақатпен 18 бен 30 жас аралығындағы екі азамат жеткізіліп, олардың бірі сол түні көз жұмған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript