Жаңалықтар тізбегі
0

Алты айдан кейін қазақстандықтардың қаңтар оқиғасына көзқарасы қалай өзгерді

қаңтар қақтығысы кезінде қанша адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 15:17 Сурет: Zakon.kz
Ел тұрғындары тәртіпсіздіктер орын алған кездегі және арада алты ай өткеннен кейінгі пікірлерін білуге арналған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ВISAM Central Asia әлеуметтану және маркетингтік зерттеулер орталығы ең көп жауап берілген нұсқаларға талдау жасады.

Қазақстанның 17 қаласындағы 1000 респонденттің жауабы төмендегідей:

«Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» ең көп таңдалынған жауап болғанына қарамастан, басқа нұсқалармен салыстырғанда ең көп өзгерген жауап болып табылады. Бұл жауапты таңдағандарың саны 13%-ға азайған.

«Шет мемлекеттердің, сыртқы күштердің әрекеті», «бейбіт саяси наразылыққа арнайы арандатушылық ұйымдастырған» деген конспирологиялық жауаптарды қолдаушылар үлесі айтарлықтай арта түсті. Сонымен қатар, қаңтар оқиғасын қылмыстың өршуімен, бандитизммен, тонаушылықпен байланыстыратындар үлесі де көбейді.

«Жаппай наразылықтың көрінісі» деп санайтындардың саны азайса, «халықаралық терроризм актісі» нұсқасын таңдағандардың саны сол қалпі өзгеріссіз қалды.

Өз пікірін айту қиынға соққандардың да саны көбейді.

Сонымен қатар қазақстандықтар арасында қаңтар оқиғасына қарағанда, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа көбірек қызығушылық танытып отыр. Респонденттердің 44%-ы қаңтар оқиғасының өмірлеріне ауыр немесе айтарлықтай қиын әсер еткенін айтса, респонденттердің 53%-ы Ресей мен Украина қақтығысының ауыр немесе аса қиын әсерін сезінгендерін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: