Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 25 фактісі анықталды

Павлодар облысының полицейлері ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған интернет-алаяқтықтың 25 фактісін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, Екібастұз қаласының полицейлері алаяқтық жасаған 27 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.
Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындады.
Әрі қарай ақпараттық жүйелердің көмегімен олар банктердің қосымшаларында сәйкестендіріліп, азаматтарға тауарлық және қолма-қол несие берді. Мәселен, қаскүнемдердің қармағына Ақсу қаласының 64 жастағы тұрғыны түсті, оның атына екі миллион теңгеден астам сомаға онлайн кредит рәсімделген.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript