Азық-түлік бағасы әсіресе Маңғыстау облысында көбірек өскен
Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары қымбаттауы Маңғыстау облысында – 24%. Республикалық деңгейден ең төмен көрсеткіш Ұлытау мен Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында – 18%-дан.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласы және Ұлытау облысында көбірек қымбаттады – 18,5%-дан, қымбаттаудың аз мөлшері Алматы қаласында – 12,3%.
Бір жыл ішінде ақылы қызметтердің құны Түркістан облысында 11,4%-ға көтерілді, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында қымбаттау республикалық деңгейден төмен болды, әрқайсысында 8%-дан.
Азық-түлік бойынша биылғы маусым айымен салыстырғанда шілде айында нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Абай облысында 4,3% қымбаттады, макарон өнімдері Маңғыстау облысында – 7,1%, сүт өнімдері Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, жемістер мен көкөністер Қазақстанның барлық облысында арзандады.