Жаңалықтар тізбегі
0

Елде коронавирустың таралу қарқыны үш есе артты

Ковид вирусын жұқтырған азаматтар көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 17:57 Сурет: Zakon.kz
Соңғы 2 аптада осындай өсім байқалды. Қазір барлық аймақта дерт дендеп барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәулігіне инфекция жұқтырудың 3 мың жағдайы тіркеледі. Науқастардың 94 проценті амбулаториялық ем қабылдауда.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24 ».

Ажар Ғиният жыл басынан бері ковидке 6 мың бала шалдыққанын да тілге тиек етті. 423 бүлдіршін қазір ем алуда. Алайда оның үшеуі жансақтау бөлімінде. Балалардың 21 процентінде ауру жеңіл өтеді.

Ал 77% орташа деңгейде еңсеріп жатыр. Бұл ретте министр әр 6 ай сайын коронавирусқа қарсы екпе алып тұру керектігін ескертті. Бүгінде ревакцинация қарқынды жүріп жатыр.

Егілуге тиісті халықтың 68 проценті немесе 5 млн-нан аса адам екпе алған.

Коронавирус инфекциясының қазіргі түрінде ауру жеңіл өтеді. Бірақ қауіпті топқа, яғни, аурудың қатаң түрімен ауыратындарға, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан егде адамдар, созылмалы қосалқы аурулары бар науқастар, КВИ-ға қарсы егілмегендер жатады. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың қазіргі сипаты науқастарда аурудың жеңіл түрімен өтуімен бірге, дер кезінде емделмесе аурудың асқынуы да байқалуда. Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: