Қостанай облысында киіктер даладағы видеокамераға қызықтап қарады

ақбөкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 13:12 Сурет: Instagram/acbk.kz
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы реинтродукциялау орталығының видеокамерасына ақбөкендер түсіп қалды. Орталық қызметкерлері кадрдан 5 мыңға жуық жануарды санап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың мәліметінше, видеокамера бір-екі күн бұрын орнатылған. Ертеңіне-ақ үлкен отар камераға түсіп қалған.

Айта кету керек, бұл маңда жазғы уақытта киіктер үлкен топ болып жиналмайды. Үлкен отарларды көктемде көші-қон кезінде байқауға болады.

Биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының жетекші маманы Альберт Салемгареевтің айтуынша, биыл ақбөкендер мұнда суға мұқтаж болғандықтан келген болуы мүмкін. Сол үшін үлкен отар болып келген.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы реинтродукция орталығы Қостанай облысының оңтүстігінде, «Алтын дала» қорығының қорғалатын аймағында орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: