Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 19:36 Сурет: unsplash
Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарында 6 тамызда найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі, сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыс орталығында 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді. Қызылордада таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістанда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркірегендегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: