Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 19:17 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес, 13 шілдеде еліміздің бірқатар аймақтарында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер 13 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында дауыл тұрады деп болжап отыр. Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық: +35...+39°C, ал облыстың оңтүстігінде: + 42°C. Өңірдің көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда ауа температурасы: +37...+39°C.

Түркістан облысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. БҚО-ның басым бөлігінде аптап ыстық: +35...+ 39°C, ал өңірдің оңтүстігінде: + 42°C, төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда сынап бағаны + 38°C дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: