Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің алты облысында дауылды ескерту жариялады.
8 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні секундына – 15-20 метр. Сонымен қатар солтүстікте, облыстың шөлейт аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. 8 және 9 шілдеде түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Петропавлда 8 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына – 15-20 метр.
8 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні секундына – 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстікте, Қарағанды облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Солтүстікте, шығыста, облыс орталығында және Қарағандыда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
8 шілдеде орталықта, шығыста және Жетісу облысының таулы аймақтарында және Талдықорғанда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күн күркірейді. Жел екпіні секундына – 15-20 метр.
8 шілдеде түнде оңтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп болжанды.