Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 19:58 pixabay
Шаңды дауыл, көктайғақ және тұман.

"Қазгидромет" орталығының синоптиктері 30 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында ауа райы құбылмалы болады, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыс, батыс, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Ақтауда күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

30 қараша - 2 желтоқсан аралығында Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: