Пәтер тонаудың кең таралған тәсілдері аталды
Айта кетерлік жайт, жеке мүлік ұрлаумен айналысатын тұлғалар азаматтардың пәтерлеріне кіру дағдысы мен әдісін үнемі жетілдіріп отырады. Олар заманауи технологияларды, ұялы байланыстарды пайдаланады, есіктер мен құлыптарды ашуға арнайы бейімделген құралдарды сатып алады немесе жасайды.Криминалдық полиция департаменті үшінші басқармасының аға анықтаушысы Сағындық Жантеміров
Оның айтуынша, пәтер тонау негізінен күндізгі уақытта, атап айтқанда барлығы жұмыста немесе мектепте болған кезде жасалады.
Үйлерге кіру үшін шабуылдаушылар әртүрлі әдісті қолданады: ашық есіктерді сындырады, ашық желдеткіштер, терезелер, балкондар арқылы енеді, пластик терезелерді бұзады, құлыптардың кілттерін алады.Сағындық Жантеміров
Мысал ретінде ол 2022 жылдың мамыр айында Шымкентте Түркістан облысының криминалдық полициясы 2021-2022 жылдар аралығында 2 ер және 2 әйелден тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелегенін келтірді. Олар Түркістан облысында 70 пәтерді тонаған.
Сонымен бірге полиция қызметкерінің айтуынша, ұрланған мүлік бірден Шымкенттегі ломбардтарға сатылып, ұрылар алған жалпы табысты өзара бөлісіп алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлыққа арналған 32 түрлі құрылғы, 52 зергерлік бұйым мен ұсталғандар мініп келе жатқан көлікті тәркіледі.
Мүлік тонаушылардан қалай қорғануға болады?
Металлдан жасалған, жақсы құлпы бар есік орнату. Ең дұрысы құлттанғанда 3-4 рет айналым болуы керек;
Тонаушылар терезеден кірмеуі үшін оған темір тор орнату;
Терезелерді броньдап тастау. Мұндай терезені таспен немесе балғамен сындыру мүмкін емес. Тіпті жарылыс кезінде ол жай ғана деформацияланады және сынбайды;
Роликті жалюзи – терезелерді қорғаудың тағы бір жолы. Мұндай жалюзи сырттан ашудан қорғаумен жабдықталған, бірақ ішінен түймені басу арқылы ашылады және жабылады.
Кәсіби дабыл жүйесін орнату. Ол үйге кірген кезде дауыс шығарады және сіз болмаған жағдайда қырағы көршілер дауысты естіп, полиция шақырады.
Автономды GSM-дабыл жүйесі. Тұрғын үйге заңсыз басып кірген жағдайда құрылғы көрсетілген телефонға – иесіне sms-хабарламалар немесе қоңыраулар жібереді. Ал үй иесі дер кезінде полицияға хабарласа алады.