Украинадан тағы 4 кеме шетелге аттанды
Сурет: pixabay
Украинадан тағы төрт кеме шетелге аттанды. Черноморск және Одесса порттарынан жолға шыққан су көліктеріне 161 мың тоннадан астам азық-түлік, күнбағыс майы және бидай тиелген. Кемелердің екеуі Түркияға, тағы екеуі Қытай мен Италияға бара жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украинада қарулы жанжал басталғалы, порттар Ресейдің блокадасына түсіп, ондаған миллион тонна ауылшаруашылығы өнімі экспортқа шыға алмады6 деп жазады qazaqstan.tv.
Осының салдарынан Азияның бір бөлігінде, Африкада, Таяу Шығыста азық тапшылығы күшейіп, баға өсіп, миллиондаған адам аштық қаупіне душар болып отыр.
Өткен айда Стамбұлда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның арағайындығымен, Мәскеу мен Киев экспортты қайта жандандыруға келісті. Оған сәйкес, Ресей армиясы кемелерді атқыламауы керек, ал Украина сол кемелерді миналардың ортасынан қауіпсіз өткізіп жіберуге міндетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript