Алматыда екі көшенің қозғалысы ішінара бірбағытты болады
Сурет: Алматы әкімдігі
11 тамыздан бастап Шәкәрім және Есенжанов көшелерінің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініштері негізінде, сонымен қатар көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды.
Жұмыстарды Қалалық мобилділік басқармасы уәкілетті орган Алматы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүргізеді.
Өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы Ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береміз, – деп хабарлады әкімдік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript