Қазақстанда орташа жалақы өсті

ақша, жалақы, теңге, әмиян, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 18:52 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 312 011 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды.Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 196 728 теңге болды.

Медиандық жалақы 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%, нақты мәнде 2,8% өсті.

Медиандық жалақы – жұмыстың барлық санын екі тең бөлікке бөлетін шама: 50% осы мәннен төмен төленеді және 50% жоғары төленеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: