Қазақстанда IІI тоқсанда орташа жалақы төмендеді
Агенттік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23,0%, нақты мәнде 5,8% болды.
Ал Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңге болды.
Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.
Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді, – дейді Наталья Белоносова.
Оның сөзінше, жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды.
2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда, ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады.
Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.
Статистер өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 39%, ең төмен өсім Астана қаласында байқалды – 15,1% байқалғанын мәлімдеді.