Жаңалықтар тізбегі
0

Дональд Трамп тергеуге шақырылды

Дональд Трамп тергеуге шақырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 13:46 Сурет: pixabay
Өткен аптада ғана Федералды тергеу бюросы үйін тінтіген Дональд Трампқа енді Нью-Иорктың бас прокуроры шүйлікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурор үш жыл бойы тергеу жүргізіп, АҚШ-тың экс-президентін тергеуге арнайы шақыртқан.

Қонақ үйлер, гольф алаңдары мен басқа да жылжымайтын мүліктерге иелік ететін Трамп компаниясы арзан несие алып, салықтан жалтару үшін банктер мен салық органына жалған қаржылық есеп берген деген айып тағы отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Азаматтық сот ісі аясында бұрынғы президенттен жауап алмақ болып, бірнеше сағат бойы сұрақтар қойған.

Алайда Конституцияға енгізілген бесінші түзетуді алға тартқан Трамп жауап беруден бас тартты.

Бұл әрекеттің экс президент үшін кері әсері болуы мүмкін. Сот кезінде алқа билер оның үнсіздігін ескеруі мүмкін дейді мамандар.

Саяси оппоненттері де 2024 жылы тағы да президенттік сайлауға түсуді көздеп жүрген Трамптың өзіне қарсы қолданары анық. Осы іс барысында экс президенттің қызы мен ұлы да тергеуге тартылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: