Елімізде жеңіл автокөліктердің 7 пайызға жуығы ғана жаңа – статистика

Ұлттық статистика агенттігі, автокөлік нарығы, автокөлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 13:11 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95 801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 907,2 мың автомобиль тіркелген.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%.Ұлттық статистика агенттігі

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: