Ақтөбе облысында полицейлер ер адамды суицид жасаудан құтқарды

Суицид жасамақ болған адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 15:27 Сурет: видеодан скриншот
Ақтөбелік полицейлер суицидтің алдын алды. Олар асылып өлгісі келген ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда Ақтөбе облыстық ІІД Жедел басқару орталығына жедел жәрдемнен ер адамның өз өмірін қиғалы жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қоңырауға дер кезінде ден қойған тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жеткен. Есікті ашқан полицейлер асылып қалған адамды көреді. Олар үйлесімді және тиімді әрекет ете отырып, адам өмірін сақтап қалды және қайғылы жағдайдың алдын алды.

Ер адамға кәсіби психологиялық көмек көрсетілді.

Бұл әрекетке қаржылық қиындықтар себеп болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: