Мексикада 10 кенші шахтадан шыға алмай жатыр

Кеншілер жер астында қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 14:51 Сурет: pixabay
Мексика көмір шахтасынан екі апта бойы шыға алмай жатқан 10 кеншіні құтқару үшін АҚШ пен Германиядан көмек сұрамақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мексиканың солтүстігіндегі «Пинабете» шахтасының қабырғасы тамыздың 3-інде құлап, кен орнына су кірген. Қазір құтқарушылар сол суды сыртқа шығарып жатыр.

Жұмысшылардың туыстары болса, шахтерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын қайта-қайта ескертіп, үкіметтен шұғыл қимылдауды талап етіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: