Жаңалықтар тізбегі
0

Айыппұл 15 мың теңге: енді полицейлер көшеде түкіргендерді камера арқылы анықтайды

Нұр-Сұлтан, бейнебақылау камерасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2022 22:33 Сурет: Zakon.kz
Елордада полицейлер көшеге түкіргендерді камера арқылы тауып жазалай бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түкіргені камераға түсіп қалғандарға ауызша ескерту де қарастырылмаған. Бірден бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 15 мың теңге айыппұл арқалайды.Ал қайталап тәртіп бұзғандар 30 мың теңгесінен қағылады, деп мәлімдеді КТК арнасының тілшілері.

Көшеде түкіргендерге айыппұл 2019 жылдан бері қарастырылған. Полицейлердің айтуынша, мұны көпшілік біле бермейді. Тәртіп сақшылары бақылау күшейтілген соң, тұрғындар ережені сақтайды деген үмітте.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бөлім бастығы Қанат Нысантаевтың сөзінше, көшеде орталық полиция мен учаске полиция инспекторлары жүреді. Олардың видеотіркеушілері болады.

Орталық камераларда құқықбұзушылық болған жағдайда бейнетаспаға түсіп қалады. Жасы келген мүгедектерге ауызша ескерту заңда қарстылмаса да, үлкен кісілерге біз ауызша ескертеміз.Қанат Нысантаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: