СҚО-да полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдіктіні ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 17:16 Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдықты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктіден 64 капсула гашиш майы тәркіленді. Тінту кезінде оның тұрғылықты жерінен тағы 91 капсула, шприц және осыған ұқсас есірткі заты бар пластик бөтелке алынды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 516 грамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың психотроптық препараттарды өткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды қабылдап, жасырын орындарға қалдырып қана қоймай, Қазақстанның бірнеше қаласында есірткі таратқан. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 771 келіден астам түрлі есірткі затын, оның ішінде 5,7 келі синтетикалық есірткі тәркілеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: