Астанада полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстады
Сурет: polisia.kz
Көлікті тінту барысында жедел уәкілдер ақшыл-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 4 орамды тауып, тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл зат мефедрон есірткі құралы болып шықты.
Белгілі болғандай, күдіктілер есірткіні жеке тұтыну үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандарды медициналық куәландыру кезінде олардың есірткі затын қолданғаны анықталды. Осыған байланысты сот шешімімен олар жауапқа тартылып, Арнайы қабылдағышқа қамалды. 10 тәуліктік мерзім аяқталғаннан кейін, тергеу жүргізілгенше, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтап, жолын кескенін хабарлаған едік.