Нұр-Сұлтанның оңтүстік-шығыс ауданында көлік өртенді

машина өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 12:48 Сурет: ТЖД Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтанда оңтүстік-шығыста Volkswagen Passat көлігі өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы қоғамдық astana_sergek парақшасында жарияланды.

22 тамызда сағат 9:57-де астаналық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында автокөліктің өртенуі туралы хабарламаға жауап беріп, сөндіруге шығып кетті.Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: ТЖД Нұр-Сұлтан

Өрт сөндірушілер келген кезде Volkswagen Passat көлігінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқаны анықталды. Өрт 10:15-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: