Нұр-Сұлтанда көпір өртенді
![Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 19:44](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-77f5e7b4-a4b9-40ee-b70d-8fb30cec45a3/800x451.webp)
Нұр-Сұлтанда Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірі өртенді. Электр кабельдерін токтан ажырату үшін АРЭК қызметі оқиға орнына шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық ТЖД мәліметтеріне сәйкес, 14 шілдеде сағат 16:27-де ТЖД бөлімшесі өрт туралы келіп түскен шақырту бойынша оқиға орнына аттанды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде "Арқар" көпірінің тіреуішіне жалғанған кабельдердің өртеніп жатқан. Шамамен қызыл жалын шарпыған аумақ - 40 шаршы метр. Оқиға орнына АРЭК қызметі шақырылды (Ақмола Электр желілерін тарату компаниясы). Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі
Департаменттегілер нақтылап өткендей, өрт сағат 17:54-те ауыздықталып, 18:05-те толықтай сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript