БҚО-да шенеунік мүгедектерден пара алып келген
Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстанда облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы мүгедектерден жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол мүгедектікті тағайындау және ұзарту үшін 20 мыңнан 100 мың теңге аралығында ақша алған.
Сотта дәлелденген параның жалпы сомасы – 1 млн теңге. Ал оның сыбайласы, екінші емхананың неврапотолог дәрігері арада делдал болып, параны бөлім басшысына жеткізіп отырған.
Екеуі де сотта кінәларын мойындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бақытжамал Бекқожинаға 60 миллион теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша дәрігер-неврапотолог Римма Тельбаева кінәлі деп танылып, 6 миллион теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Динара Жұмабаева, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басқармасының бас маманы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript